Оқушылардың сабағы қалай ұйымдастырылып жатыр

8 Сәуір 2024, 15:51
246
Бөлісу:
Оқушылардың сабағы қалай ұйымдастырылып жатыр
Фото: Арман Мухатов - архив

ОКҚ-да Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы су тасқыны болған өңірлерде балаларға қандай жағдай жасалып жатқанын баяндап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігі өңірдегі білім басқармаларымен бірге балалардың құқықтарын қорғау және оқу процесін сапалы ұйымдастыру жұмыс жүргізіп жатыр.

Бүгінгі таңда уақытша орналастыру пунктерінде 3 мыңға жуық бала бар. Олар үшін психологиялық қызмет ұйымдастырылды. Балалар қажетті оқу құралдарымен және қашықтан оқу үшін техникалық жабдықтармен қамтылды. Тасқын су салдарынан аса зардап шеккен өңірлердегі оқушыларға Балаларды сауықтыру орталықтарына жолдамалар бөлінді. Бүгінде Ақмола облысындағы «Жас дәурен» лагері 80-нен астам баланы қабылдады, - деді ведомство өкілі.

Сондай-ақ республикалық маңызды инновациялық мектеп-лицейінің жатақханаларында балаларды орналастыру мен оқу процесі ұйымдастырылады.

Маңғыстау облысында 28 білім беру ұйымы Атырау облысы Құлсары қаласының эвакуацияланған тұрғындарын қабылдап жатыр. Су тасқыны болған өңірлерде барлығы 127 білім беру нысаны тұрғындарды уақытша орналастыру пункті болып белгіленді, - деді Мереке Амангелдіқызы.

Өзгелердің жаңалығы