Оқушыларды тамақтандыру жүйесі өзгереді

11 Қараша 2022, 11:34
1015
Бөлісу:
Оқушыларды тамақтандыру жүйесі өзгереді

Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар дайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мектептегі тамақтануды ұйымдастырудың балама нұсқаларын таңдау мүмкіндігін беру ұсынылады.

Осыған байланысты мектеп асханасында жабдықтар, тиісті жағдайлар болған кезде – жергілікті атқарушы органдардың шешімі негізінде асхана меңгерушілерінің, аспаздардың, ас үй қызметкерлерінің штаттан тыс бірліктерін енгізу арқылы конкурстық негізде оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша тауарларды сатып алу бойынша жаңа тармақ қосылады.

Сонымен қатар, ережеден отандық тауар өндірушілерді қолдау  аясында азық-түлік өнімдерінің кемінде 60%-ы отандық өндіріс болуы тиіс екендігін көздейтін тармақ алынып тасталады.

Түсіндірілгендей, бұл Еуразиялық экономикалық одақтың Қазақстан Республикасы ішкі нарығында кедергілердің болуы туралы қорытындысы негізінде жасалады.

Сонымен қатар,  ережеге білім беру ұйымдарында білім алушыларға өзімен бірге әкелінген тамақты қабылдау үшін қажетті жағдайлар жасау туралы талап қосылады.

Сонымен қатар, сатып алынатын азық-түлік өнімдері Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сай болуы тиіс.

Өзгелердің жаңалығы