Оқушылар көлік картасымен автобус пен асханада төлем жасай алады

6 Қыркүйек 2019, 09:22
3324
Бөлісу:
Оқушылар көлік картасымен автобус пен асханада төлем жасай алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді оқушылар бір ғана карта арқылы жолақысын төлеп, мектепке кіріп, асханада төлем жасай алады. Бұл туралы «Астана LRT» баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұл өте ыңғайлы, себебі балаңыздың картасындағы теңгерімін әрдайым қашықтықтан бақылай аласыз. Картаның 2 бөлек шоты бар, бірінші - мектеп асханасында тамақтану үшін BalaPay/FeebMe шоты болса, екіншісі - жол ақысын төлеу үшін Astana LRT шоты болады. 

"Мектеп көлік картасын Қошқарбаев көшесі 50/1 мекен-жайы бойынша орналасқан орталық кассадан алуға болады. Касса сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс жасайды. Өзіңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі, 3х4 фото, мектептен анықтама, ата-анасының жеке куәлігі болуы керек. Барлық сұрақтар бойынша 8 775 007 06 20 (BalaPay), 8 747 915 07 09 (FeebMe) телефондарына хабарласуларыңызға болады", - делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы