Оқушылар халықаралық олимпиаданың 4 медалін жеңіп алды

11 Шілде 2023, 14:51
1111
Бөлісу:
Оқушылар халықаралық олимпиаданың 4 медалін жеңіп алды
PHOTO
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Қанжығада екі күміс және екі қола медаль. Қазақстандық оқушылар Эль-Айн қаласында өткен биология бойынша 34-ші халықаралық Олимпиадада жеңімпаз атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

IBO - 15 пен 21 жас аралығындағы мектеп оқушыларына арналған ғылыми жарыс, 1990 жылдан бастап өткізіліп келеді. Биылғы жарысқа әлемнің 79 елінен 316 оқушы жиналды. Қазақстан құрама командасының қатарында Астана және Алматы қалаларының 4 оқушысы қатысып, барлығы да олимпиаданың жүлделі орындарын иеленді.

Оқушылар халықаралық олимпиаданың 4 медалін жеңіп алды

Медальдар қоржынын екі күміс жүлдемен Омар Дінмұхаммед пен Бақдәулет Ерназаров толықтырды. Ал, қола медальды Ғалымжан Бақтыбай мен Ислам Амангелді алды, - дейді «Дарын» РҒПО зияткерлік іс-шараларды ұйымдастыру және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің әдіскері Гүлсара Мұқаш.

Халықаралық комитеттің шешімімен биология бойынша 35-ші Халықаралық олимпиада (IBO-2024) Қазақстанда ұйымдастырылады, біздің еліміз бұл олимпиаданы алғаш рет өткізеді.

Өзгелердің жаңалығы