«Көк Туым – мақтанышым!»: Алматыда Республика күніне орай патриоттық велошеру өтті

23 Қазан 2026, 19:49
АВТОР
 Алматы әкімдігі 23 Қазан 2026, 19:49
23 Қазан 2026, 19:49
176
Фото: Алматы әкімдігі

Республика күні қарсаңында өткен «Көк Туым – мақтанышым!» атты патриоттық велошеруге 70-тен астам жас велошабандоз қатысты. Олар Қазақстанның мемлекеттік Туы мен шағын жалаушаларын ұстап, қала көшелерімен жүріп өтті.

Велошеру легін қаланың символы – қар барысы бейнесіндегі «Қожа» кейіпкері бастап жүрді. Ол арнайы дайындалған пикап көлігімен шерудің алдыңғы қатарында қозғалды. Велосипедшілер Алматы ипподромынан жолға шығып, Серіков және Қазыбаев көшелері бойымен жүріп өтті.

Бұл бастама Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған басымдықтармен үндеседі. Мемлекет басшысы ұлттық бірегейлікті нығайтуға, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға және жауапкершілігі жоғары азаматтарды тәрбиелеуге ерекше мән береді.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласындағы алты театрдың әртістері Республика күніне орай ұйымдастырылған патриоттық музыкалық жобаға қатысты.

Тағы оқи отырыңыз:

Халқымыз үшін мән-мағынасы ерекше мейрам – Президент қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады

Президент: Республика күні – күллі халқымыздың басын қосатын жалпыұлттық бірегей мереке

Республика күніне орай 473 жұмысшы мамандығының өкілдеріне мемлекеттік награда тапсырылады

Наверх