Оқушы мектепте пышақпен шабуыл жасап, жеті адамды жаралады

28 Сәуір 2025, 20:32
8125
Бөлісу:
Оқушы мектепте пышақпен шабуыл жасап, жеті адамды жаралады
Фото: - архив

Оңтүстік Кореяның Чхонджу қаласындағы арнайы мектепте 18 жастағы оқушы пышақпен шабуыл жасап, жеті адамды жаралады. Зардап шеккендердің арасында мектеп директоры да бар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Yonhap News агенттігіне сілтеме жасап.

Шабуыл дүйсенбі күні таңғы сағат 8:40 шамасында болған. Оқушы психологпен кездесуден шыққаннан кейін дәлізде адамдарға шабуыл жасаған.

Содан кейін ол мектеп ғимаратынан шығып, екі өтіп бара жатқан адамды жаралап, жақын маңдағы су қоймасына секірді.

Мен балаларды балабақшаға апарып бара жатқам және мектеп маңында кептеліске байланысты баяу жүріп келе жатқанмын. Сол кезде оқушы келіп, көліктің есігін қақты. Мен терезені аштым, ол ештеңе айтпастан мені бетімнен пышақтап, қашып кетті, - деді жәбірленушілердің бірі, 43 жастағы Им есімді әйел.

Жараланғандар жеңіл және ауыр жарақаттармен (кеуде, іш және басқа жерлерден) ауруханаға жеткізіліп, ем қабылдап жатыр. Ресми тұлғалардың айтуынша, олардың ешқайсысының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Оқушыны құтқарушылар су қоймасынан шығарып алып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен соң полиция қамауға алды.

Жәбірленушілердің көбісі кеуде және іш тұсынан жарақат алған. Барлығы ауруханаға жеткізілді, ешкімнің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Полиция күдіктіні "кісі өлтіруге оқталу" бабы бойынша тергеп жатыр. Шабуыл сабақ басталғаннан кейін болғандықтан, мектеп оқушылары бұл оқиғаға куә болмаған.

Жергілікті білім басқармасы ата-аналарға хабар берілгенін және мектепте қауіпсіздік шаралары күшейтілетінін мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы