Оқушы баспалдақтан құлады. Мектеп директоры жауапқа тартылады

25 Қыркүйек 2023, 10:42
1183
Бөлісу:
Оқушы баспалдақтан құлады. Мектеп директоры жауапқа тартылады
Фото: Артём Чурсинов - архив

"Немолчикз" қоры ашық ми жарақаты, маңдай сүйектерінің сынуы, көз ұясының ісінуі және пневмоцифалиямен астаналық оқушының реанимацияға жеткізілгені және үш күн комада жатқанын жазады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астанадағы №14 мектепте оқушы баспалдақтан құлап, ауруханаға жеткізілген болатын, аталған мектеп директоры, жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін хабарлайды қалалық білім басқармасы.

Білім басқармасы мектеп директорына қатысты шаралар қабылдау мәселесін қарастырып жатыр, - делінген хабарламада.

"Немолчикз" қоры бала үш күн комада жатқанын хабарлады.

№14 мектепте баспалдарқтарда қоршау жоқ. Жедел жәрдем де бірден келмеген. Әр қабатта орналастырылған камералар жұмыс істемейді. Қазір балаға шұғыл түрде операция жасалуы керек. Ол операция тек Түркияда жасалады. Ол бас жарақатына байланысты көру қабілетінен айырылып қалу қаупі бар, - делінген қордың хабарламасында.

Білім басқармасында баланың жағдайы мен баспалдақ қоршауына байланысты түсініктеме берді.

Бала қалалық балалар ауруханасында. Жағдайы тұрақты, есі бар. Комада болған жоқ. Мектепте баспалдақ қоршаулары бар, - деп түсіндірді басқарма.

Өзгелердің жаңалығы