Оқу жылының мерзімі қайта өзгеруі мүмкін

15 Тамыз 2023, 15:14
14887
Бөлісу:
Оқу жылының мерзімі қайта өзгеруі мүмкін
Фото: Артём Чурсинов - архив

Үкімет кулуарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жаңа оқу жылының ұзақтығына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бейсембаев кез келген қабылданған шешімді министрлік өз деңгейінде қабылдай салмайтынын, ортақ мәмілеге келу керегін айтады.

Оқу жылын ұзарту дұрыс шешім. Дей тұрғанмен қоғам екіге бөлініп отыр. Біз ортақ шешімге келуіміз керек. Қазіргі таңда оқу жылын ұзартуға қатысты сарапшылардың ойы ғана емес, оқуды ұзартуға келіспейтін тараптың пікірін тыңдадым. Сондықтан екі тарапта бірлесе отырып шешуі керек, - деп түсіндірді министр.

Еске салайық, бұған дейін ведомство басшысы мектепке хиджаб киюге рұқсат етіле ме деген сұраққа жауап берген еді.

Өзгелердің жаңалығы