Оқу жылы 25 мамырда аяқталғаны рас па?

1 Маусым 2023, 12:25
1058
Бөлісу:
Оқу жылы 25 мамырда аяқталғаны рас па?
Фото: автордан

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу жылының 34 аптадан 36 аптаға созылуына және тақырыптық жоспардың не себепті жетпей қалғанына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Астана қаласындағы №8 мектеп-лицейінде өткен оқу жылының аяқталу салтанатына қатысты.

Бас ұстаз жиыннан соң журналистердің сұрақтарына жауап берді. Министр оқу жылы 34 аптамен аяқталып қалғаны туралы да сын бар екеніне тоқталды.

Елімізде 7,5 мың мектеп бар. Әртүрлі ақпараттарды да зерделеп жатырмыз. 34 аптадан 36 аптаға көшуге келсек. Оқулар 34 аптамен аяқталып қалғаны туралы да сын айтылып жатыр. Бұл туралы жаңа ұстаздардан да сұрадым. Біздің педагогикалық заңдылық бойынша қыркүйек айының басында күнтізбелік тақырыптық жоспарға бүкіл тақырып 34 аптаға болса, 34 аптаға, 36 апта болса, 36 аптаға белгіленеді. Сондықтан ол таусылып қалғаны туралы сөз фейк болуы керек, - деді еліміздің бас ұстазы.

Естеріңізде болса, былтырдан бастап еліміздің мектептері 5 күндік оқу күніне көшкен болатын.

Бұл өте дұрыс шешім деп ойлаймын. Өйткені мұндағы негізгі мақсат – сенбі, жексенбі күндерін балаларымыздың отбасымен бірге өткізуі. Сенбі күнгі сабақтар қайда кетеді? Әрине 5 күнге көшеді. Бұл балалардың оқу жүктемесіне ауырлық түсіретіні белгілі. Сондықтан оны жеңілдету үшін оқу жылын екі аптаға созу өзінің пайдасын көрсетіп отыр, - дейді Ғани Бейсембаев.

Өзгелердің жаңалығы