Оқу материалдарын цифрлы форматқа ауыстыруды жеделдету қажет – Мемлекет басшысы

28 Қыркүйек 2022, 19:07
1750
Бөлісу:
Оқу материалдарын цифрлы форматқа ауыстыруды жеделдету қажет – Мемлекет басшысы

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ғимараттар мен сыныптар ғана емес, сондай-ақ мұғалімдерді даярлау жүйесі және оқу бағдарламалары ең жоғары стандарттарға сәйкес келуі тиіс. Тағы бір маңызды мәселе. Балалар оқулыққа толы ауыр сөмке тасуға мәжбүр деген шағымдар көптеп түседі. Бұл балалардың денсаулығына кері әсерін тигізетіні анық. Сондықтан оқу материалдарын цифрлы форматқа ауыстыруды жеделдету қажет деп санаймын. Жалпы, барлық оқыту үдерісін барынша цифрландыру қажет, - дейді Президент.

Айтуынша, ауылдағы денсаулық сақтау саласын жаңғырту жобасының әлеуметтік мәні зор.

Біз ауыл тұрғындарының 100 пайызын сапалы алғашқы медициналық көмекпен қамтамасыз ету туралы айтып отырмыз. Бұл – мемлекет ретінде біздің міндетіміз. Алайда бұл атқарылатын барлық жұмыстың ең аз бөлігі. Сондықтан жобаның екінші компоненті – ауыр дертке шалдыққандарға және жарақат алғандарға сапалы көмек көрсету уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін көпбейінді ауруханалардың құрылысына қатысты мәселе де маңызды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Өзгелердің жаңалығы