Оқу-ағарту министрлігі: балабақша тәрбиешілері тек үш құжат толтырады

9 Қаңтар 2023, 11:40
637
Бөлісу:
Оқу-ағарту министрлігі: балабақша тәрбиешілері тек үш құжат толтырады

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері мен педагогтері тек үш құжат толтыруы керек, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Бұл туралы «Желіге шолу» айдарында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» РММ директоры Манара Адамова айтты. 

​Айзат Байдарбекова есімді оқырман желіде: Балабақша тәрбиешілері қандай құжаттарды толтыруы керек?,- деп сұрапты. 

​Биыл министрлік тәрбиешілердің жұмысын едәуір жеңілдететін бұйрықты бекітті. Онда мектепке дейінгі білім беру деңгейіндегі тәрбиешілер мен мұғалімдер толтыратын үш негізгі құжат анықталған. Бұл перспективалық жоспар, циклограмма және баланың жеке даму жоспары. Аттестаттау кезінде басқа құжаттар қаралмайды,- деді «Балаларды ерте дамыту институты» РММ директоры Манара Адамова.

Өзгелердің жаңалығы