Оқу-ағарту министрі халықаралық сарапшымен кездесті

22 Ақпан 2023, 09:29
1000
Бөлісу:
Оқу-ағарту министрі халықаралық сарапшымен кездесті
Фото: ОАМ баспасөз қызметі

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев халықаралық сарапшы Джонатан Слейтермен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесуде білім беру сапасын арттыру, жаңа халықаралық стандарттарға сай білім беру ұйымдарында ақпараттық технологияларды енгізу мәселелері талқыланды. 

Джонатан Слейтер – белгілі халықаралық сарапшы, Кембридж университетінің Ғылым және саясат орталығы консультативтік кеңесінің Мемлекеттік басқару институты директорлар кеңесінің мүшесі. Лондон ханшайымы Мэри университеті, Кингс колледжі саяси Институтының профессоры. Білім беру мектептері қорының қамқоршысы, Ұлыбританияның Білімді дамыту федерациясының стратегиялық кеңесшісі. 

Естеріңізге салсақ, бұған дейін ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қоғамдық кеңес мүшелері, мұғалімдер, оқулықтарды әзірлеушілермен, білім басқармаларының басшылары және Қазақстандық салалық кәсіподақ өкілдері, активтерімен кездескен болатын. Мұндай тұрақты кездесулер педагогикалық және ата-аналар қауымдастығымен де жалғасатын болады.

Өзгелердің жаңалығы