Оқиға туралы оқыған сайын жүрегім ауырады. Депутат Бишімбаевтың ісі жайлы айтты

4 Желтоқсан 2023, 13:38
3757
Бөлісу:
Оқиға туралы оқыған сайын жүрегім ауырады. Депутат Бишімбаевтың ісі жайлы айтты
Фото: Мәжіліс баспасөз қызметі

Мәжіліс төрағасының орынбасары Дәния Еспаева Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогы конференциясының кулуарында әйелін өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутат Дәния Еспаева атағандай, экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қатысуымен болған қайғылы оқиға әлем жұртшылығына мәлім болды.

Бұл оқиғаның БҰҰ сайтында жарияланғанын білемін. Бірақ мұндай оқиға кез келген елде болуы мүмкін. Мұндай оқиғаның болғаны өте өкінішті. Мен қайғыра көңіл айтамын. Әлеуметтік желіде бұл оқиға жайлы оқыған сайын жүрегімді ауырады. Статистикалық тұрғыдан алғанда мұндай жағдайлардың басым көпшілігі әлеуметтік жағынан осал отбасыларда болады, - деп айтты Дәния Еспаева журналистерге берген сұқбатында.

Дәния Еспаева жақында дүйім жұрттың жағасын ұстатқан Бишімбаевтың ісі қорқынышты болғанын атап өтті.

Бірақ ауқатты отбасыдан шыққан, білімді адамның жасағаны - бұл өте қорқынышты. Бұл мүлдем болмауы керек дүние, - деді депутат.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қарашаның басында бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілініп, қамауға алынды. Бишімбаев кінәлі деп танылса, ол 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Елордада «Өңірдегі гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күрес: тиімді және тұрақты бірлескен шешімдерді іздеу» тақырыбында Орталық Азия елдері әйелдер диалогының халықаралық конференциясы өтіп жатқанын еске сала кетейік.

Өзгелердің жаңалығы