Оқ-дәрі қоймаларын күзету күшейтілді

10 Қаңтар 2022, 21:30
1778
Бөлісу:
Оқ-дәрі қоймаларын күзету күшейтілді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ең алдымен әскери бөлімдерді, қару-жарақ пен  оқ-дәрі қоймаларын күзету күшейтілді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл өз кезегінде әскери қару-жарақтың қылмыскерлердің қолына түсуіне жол бермеді. Сондай-ақ, әскери әуеайлақтарды, әуежайларды, халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерін күзету күшейтілді. 

Оқ-дәрі қоймаларын күзету күшейтілді

Қарулы Күштердің әскери қызметшілері әкімшілік пен қаланың орталық алаңдарын қоршауға алуға жұмылдырылды. Әскери қызметшілердің көпшілігі дәл осы қақтығыстарда зардап шекті.  Өйткені бейберекет әрекет еткен адамдар тобы суық және атыс қаруларын, тастарды қолдана отырып жолындағының бәрін қиратқан.

Оқ-дәрі қоймаларын күзету күшейтілді

Елдің бірқатар аймақтарында экстремистер әскери бөлімдерге шабуыл жасауға тырысты. Алайда, содырларға қарулы тойтарыс беріліп, нәтижесінде олар әскери нысандарға кіре алмады. 

Оқ-дәрі қоймаларын күзету күшейтілді

Қазіргі уақытта барлық елді мекендерде Қарулы Күштердің әскери қызметшілері полиция және Ұлттық ұлан қызметкерлерімен бірлесіп тосқауыл бекеттерінде қызмет өткеріп, бақылап-өткізуді жүзеге асырып, сондай-ақ маңызды объектілерді күзетеді. 

Оқ-дәрі қоймаларын күзету күшейтілді

Қарулы Күштердің әскери қызметшілері терроризмге қарсы операция жүргізіліп жатқан Алматы өңірінде ерекше жауапты және қауіпті жауынгерлік міндеттерді орындауда. 

Оқ-дәрі қоймаларын күзету күшейтілді

Арнайы жауынгерлік іс-қимылдарға офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер тартылды. Ел Президенті жауынгерлердің батылдығына ерекше назар аударды, Мемлекет басшысы отандастарымен мақтанатынын айтып, Қазақстанның одан әрі өсіп-өркендейтініне сенім білдірді.

Өзгелердің жаңалығы