Оптимистік сценарий бойынша келе жатырмыз – Бүркітбаев

22 Желтоқсан 2021, 09:36
1158
Бөлісу:
Оптимистік сценарий бойынша келе жатырмыз – Бүркітбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев хабарлады. 

Оның айтуынша, елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

Қазіргі уақытта республикада коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың болжамына сәйкес желтоқсан айында тәулігіне орта есеппен 560 жағдай тіркеліп, оптимистік сценарий іске асырылуда, - деп атап өтті ведомствоның жаңа басшысы.

Сонымен қатар жалпы Қазақстанда соңғы төрт айда сырқаттану 16 есеге төмендеген.

Репродуктивтілік саны – 0,90-ға тең және тамыз айымен салыстырғанда 1,2 есе азайғаны байқалады, - деді Жандос Бүркітбаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін вакцинациялау бойынша еліміз ТМД-да екінші орында екендігі туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы