ОПЕК+ елдері мамыр айында мұнай өндіру лимитін арттыруға келісті. Әңгіме тәулігіне шамамен 206 мың баррель туралы болып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.
БАҚ мұны Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан мұнай өндіру мен экспорт шектеліп отырған кезеңдегі OPEC+ ұйымының символикалық қадамы деп атады.
Reuters бұған дейін ОПЕК+ елдерінің өндірісті ұлғайтуы әлемдік нарыққа мұнай өндіруді одан әрі арттыруға дайын екені туралы белгі екенін айтқанын жазған болатынбыз.
Қаңтар айында өткен отырыста ОПЕК+ бірінші тоқсанда өндірісті ұлғайтуды тоқтата тұру жоспарын сақтап қалу туралы шешім қабылдағанын жазған еді. Мұндай шешім әлемдік нарықта ұсыныс артық қалыптасып жатқан жағдайда қабылданды.
Альянсқа қатысушылар сондай-ақ АҚШ операциясы кезінде Венесуэла көшбасшысы Николас Мадуроның ұсталуына байланысты жағдай мұнай жеткізілімінің көлеміне қалай әсер ететініне қатысты көбірек айқындық күтуде.
Сондай-ақ ОПЕК+ мұнай өндірісін арттырса, Қазақстанның ОПЕК+ аясындағы нақты мүмкіндіктері мен шектеулеріне тоқталдық.