ОПЕК+ келісімі мұнай саласына оң серпін берді – Ноғаев

6 Қаңтар 2021, 04:25
1384
Бөлісу:
ОПЕК+ келісімі мұнай саласына оң серпін берді – Ноғаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлер отырысы бейнеконференция форматында өтті, деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев атап өткендей, ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің бірлескен күш-жігері 2020 жылы әлемдік мұнай нарықтарындағы бағаны тұрақтандыра алды. Қазіргі кездегі қолданыстағы келісім мұнай саласына оң серпін беруді жалғастыруда.

Кездесудің қорытындысы бойынша келісімге қатысушы елдер мұнай өндіруді қысқартудың қазіргі деңгейін 2021 жылдың ақпан және наурыз айларына ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл ретте, Қазақстан мен Ресей үшін осы кезеңдегі өндірісті сәйкесінше тәулігіне 10 және 65 мың баррельге кезең-кезеңмен ұлғайтуды көздейтін жеке шарттары келісілді. Осылайша, ОПЕК+ шеңберінде Қазақстан үшін ақпан және наурыз айларындағы міндеттемелер сәйкесінше тәулігіне 1,427 млн баррельді және 1,437 млн баррельді құрайтын болады, – делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы