ОПЕК елдері мұнай өндіруді азайтты

16 Маусым 2022, 13:11
1676
Бөлісу:
ОПЕК елдері мұнай өндіруді азайтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мамыр айында мұнай өндіруді шектеу туралы ОПЕК+ келісіміне қатысушы ОПЕК елдері өндірісті қысқартты, деп жазды Хабар24.

Ұйымның хабарламасында қара алтын өндірісін тәулігіне 176  мың баррельге дейін қысқартты делінген.  Әсіресе Ливиядағы өндіріс тәулігіне 200 мың баррельге азайып, 707 мың баррельге дейін төмендеді. 

Сауд Арабиясы әлі күнге дейін жоспарынан тәулігіне 125 мың баррель артта қалып келеді. Мамырдағы келісімді ол 125%-ке орындады. Рұқсат етілген деңгейге бір жылға жуық уақыт бойы жете алмаған Нигерия өндірісті одан әрі төмендетті. 

Қазір бұл ел рұқсат етілген деңгейден тәулігіне жарты миллион баррельге аз өнім өндіруде.
 

Өзгелердің жаңалығы