Оңтүстікте тұрғын үй кезегінде қанша адам тұрғаны айтылды

8 Тамыз 2023, 13:10
701
Бөлісу:
Оңтүстікте тұрғын үй кезегінде қанша адам тұрғаны айтылды
Фото: Артём Чурсинов - архив

Елімізде тұрғын үй кезегіне қай өңірде көп тұрғын тіркелгені белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол айтты.

20 өңірдің ішінде тұрғын үйге кезекке тұрғандардың саны ең көп тіркелген өңірлер қатарын Шымкент қаласы көш бастап тұр. Кезектегі тұрғандар саны – 50 506 адам. Екінші орында – Түркістан облысы. Үшінші орында – Астана қаласы. Елордада 46 мың адам кезекте тұр, - деп айтты ол.

Сонымен қатар Алматы қаласында 41 366 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Ал Жамбыл облысында 39 961 адам кезегін күтіп отыр.

Бүгінгі күні елімізде тұрғын үй кезегінде 646 819 қазақстандық тұрғанын еске сала кетейік. 

Өзгелердің жаңалығы