«Оңтүстік» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшылары тағайындалды

14 Қараша 2023, 16:00
433
Бөлісу:
«Оңтүстік» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшылары тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімдері жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өкімдерге сәйкес:

Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Жеңіс Мұхамедқалиұлы Маралов «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының өкімімен Мереке Мәтімұлы Көшекбаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Өзгелердің жаңалығы