Оңтүстік Судан астанасы Джуба маңында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, борттағы барлық адам – 14 жолаушы қаза тапты. Бұл туралы елдің азаматтық авиация басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, Сессна типті ұшақта 13 жолаушы мен бір ұшқыш болған. Қаза тапқандардың ішінде Кения азаматтары да бар, қалғандары Оңтүстік Судан тұрғындары.
Алдын ала мәліметтер бойынша, апатқа қолайсыз ауа райы себеп болуы мүмкін. Көріну қашықтығының нашарлауы ұшудың қауіпсіздігіне әсер еткені айтылады.
Оқиға орнына құтқару және тергеу топтары жіберілді. Қазіргі уақытта апаттың нақты себептері анықталуда.
Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда ұшақтың сынықтары мен өртенген қалдықтары байқалады.