Оңтүстік өңірлеріндегі тасжолдарда көктайғақпен күрес жұмыстары күшейтілді

3 Ақпан 2023, 16:56
1256
Бөлісу:
Оңтүстік өңірлеріндегі тасжолдарда көктайғақпен күрес жұмыстары күшейтілді
Фото: NUR.KZ.

Республикалық маңызы бар автожолдарда көктайғақпен күрес жұмыстары күшейтілген режимде жалғасуда,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өткен екі тәулік ішінде еліміздің оңтүстік өңірлері аумағында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болып, температураның күрт ауытқуы байқалды. Осылайша, өткен түнде жол бойында төтенше жағдайларды алдын алу үшін Алматы және Жетісу облыстарындағы республикалық трассалардың 6 учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Республикалық маңызы бар автожолдарды өңдеу үшін 1070 м3 құм-тұз қоспасы пайдаланылды.

Жол бөлігін құм-тұз қоспасымен өңдеу жұмыстары күшейтілген режимде жалғасуда. Әрбір учаскеге жол-пайдалану техникасы бөлінді, жолдардың жүру бөлігі директивті нормаларға сәйкес тазартылып, өңделуде. 

Бұдан басқа, Түркістан облысының жолшылары Шымкент қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейінгі "Самара-Шымкент" автожолының учаскесін су басып, шайылып кетуіне жол бермей, жедел шаралар қабылдады. Инертті материалдары бар 1200-ден астам қап төселді, су бұру жұмыстары жүргізілді. 

Республикалық автожолдар желісінде қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруға 477 бірлік арнайы техника мен 1 мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы