Оңтүстік өңірлерде жарықтың сөніп қалуына байланысты құрылған комиссия қалай жұмыс істеді?

14 Ақпан 2022, 14:02
1298
Бөлісу:
Оңтүстік өңірлерде жарықтың сөніп қалуына байланысты құрылған комиссия қалай жұмыс істеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов хабарлады. 

Оның айтуынша, оңтүстік өңірлерде өткенде орын алған электр жарығының сөніп қалуына байланысты комиссия құрылған.

Комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр. Жарық жүйесінде ақаудың неліктен орын алғаны туралы есеп дайын. Өзбекстандағы энергия жүйесінде ірі техникалық ақау болып, оңтүстік өңірлерде жарық сөніп қалған еді. Соған байланысты жүйелік оператордың диспетчерлік орталығының мамандары тез арада өңірлерге жарық қосу мәселесін шешті, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Белгілі болғандай, комиссия жұмысының қорытындысы бойынша технологиялық бұзушылық туындаған, оқшаулау және жою кезіндегі персоналдың іс-әрекетіне, релелік қорғау және аварияға қарсы автоматика жұмысына баға берілген. Сондай-ақ осындай технологиялық бұзушылықтарды болдырмау бойынша ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар әзірленген. 

Өзгелердің жаңалығы