Оңтүстік өңірінде көктемгі су тасқынынан қауіп жоқ

16 Сәуір 2023, 12:56
887
Бөлісу:
Оңтүстік өңірінде көктемгі су тасқынынан қауіп жоқ
Фото: Су ресурстары комитетінің баспасөз қызметі

Көктем мезгілінде қардың еруі мен жауын-шашын мөлшерінің артуы салдарынан су тасқыны қауіп тудыратыны анық. Қазгидромед орталығының 2023 жылғы су тасқыны кезеңіне арналған қорытынды гидрологиялық болжамы бойынша, Қазақстан аумағын қармен жабу алаңы 4%, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Су ресурстары комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қар жамылғысы негізінен Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстары мен Жетісу және Абай облыстарының жыраларында, орманды және таулы жерлерінде сақталады.

Қазіргі таңда, оңтүстік өңірінде қар суының еруі аяқталды. Бассейндегі ірі су қоймалардың жұмысына күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шардара су қоймасының – жобалық сиымдылығы 5 200 млн текше метр. Бүгінгі күні қойманың толу деңгейі - 96,9%. Су қоймасына келіп жатқан су көлемі секундына 338 текше метрді құраса, ал шығарылған су көлемі секундына 150 текше метр, - делінген баспасөз хабарламасында.

Бөген су қоймасының нақты көлемі 342,80 млн текше метр болса, қазіргі таңдағы толу көрсеткіші 92,6% құрайды. Су қоймаға келіп жатқан су көлемі – секундына 40,95 текше метр, су қоймадан шыққан су көлемі секундына 57 текше метр.

Көксарай су реттегішінің жобалық сыйымдылығы - 3000 миллион текше метр. Нақты көлемі – 1 785,74 миллион текше метр. Толу көрсеткіші - 59,5%, келіп жатқан су көлемі - 0,0 млн текше метр, шыққан су көлемі – секундына 150 текше метр.

Түркістан, Қызылода облыстары және Шымкент қаласы аумағындағы қалған су қоймаларының толу пайызы 90%-дан төмен.

Қапшағай су қоймасының жобалық сыйымдылығы – 28 140 млн текше метр. Бүгінгі күні нақты көлемі – 17 690 млн текше метр, деңгейі – 478,44 м, су қойманың толу деңгейі – 96%. Су қоймасына келіп жатқан су көлемі секундына 320 текше метр болса, шығарылған су көлемі секундына 250 текше метр.

Бартоғай су қоймасының жобалық сыйымдылығы - 320 млн текше метр. Қазіргі таңда нақты көлемі – 292,08 млн текше метр, деңгейі – 1066,56 м, су қойманың толу деңгейі – 91%. Су қоймасына келіп жатқан су көлемі секундына 12,8 текше метр, ал шығарылған су көлемі секундына 5,0 текше метр.

Күрті су қоймасының жобалық сыйымдылығы - 120 млн текше метр. Бүгінгі күні нақты көлемі – 93 млн текше метр, деңгейі – 555 м, су қойманың толу деңгейі – 77%. Су қоймасына келіп жатқан су көлемі секундына 4,7 текше метр құраса, ал шығарылған су көлемі секундына 1,0 текше метр.

Бестөбе су қоймасының жобалық сыйымдылығы - 238 млн текше метр. Бүгінгі күні нақты көлемі – 85,41 млн текше метр, деңгейі – 1748,35 м, су қойманың толу деңгейі – 36%. Су қоймасына келіп жатқан су көлемі секундына 34,2 текше метр, ал шығарылған су көлемі секундына 33,7 текше метр.

Жоғарыда аталған Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясына қарасты ірі су қоймаларының жұмысына күнделікті талдау-сараптау жұмыстары жүргізілуде. Бассейн аумағындағы басқа да су қоймалар вегетациялық кезеңге дайындалуда.

Жамбыл облысында да көктемгі су тасқынынан қауіп жоқ. «Қазгидромет» РМК орталығының хабарлауынша, вегетациялық кезеңге тау өзендеріне арналған гидрологиялық болжамы бойынша жауын-шашын мөлшері артық түсті. Алайда, тау бөктерінде қар жоқ. Қазіргі таңда, Шу Талас бассейні бойынша қар суының еруі аяқталды.

Терс-Ащыбулақ су қоймасының – жобалық сиымдылығы 158 миллион текше метрді, рұқсат етілгені – 145 млн текше метр құрайды. Бүгінгі күні қойманың толу деңгейі-100%, көлемі 145 млн текше метр. Су қоймасына келіп жатқан су көлемі секундына 17,2 текше метр, ал шығарылған су көлемі секундына 15 текше метр.

Тасөткел су қоймасының – жобалық сиымдылығы 620 млн текше метр, рұқсат етілгені – 472 млн текше метр құрайды.
Бүгінге су қойманың көлемі 345,3 млн текше метр болса, қазіргі таңдағы толу көрсеткіші 73% құрайды. Су қоймаға келіп жатқан су көлемі – секундына 73,1 текше метр, су қоймадан шыққан су көлемі 50,0 м3/сек.

Талас өзенінің бойындағы Қырғыз Республикасында орналасқан Киров су қоймасының жобалық сыйымдылығы – 550 млн текше метр. Нақты көлемі - 434,17 млн текше метр. Толу көрсеткіші - 79 %, келіп жатқан су көлемі – 26,1 млн текше метр, шыққан су көлемі – секундына 0,1 текше метр.

Қазіргі таңда, барлық бассейн аумақтарында суару маусымы басталып, суармалы жерлерге жоспарлы түрде су жеткізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы