Оңтүстік Кореяда қазақстандық театрдың гастрольдері өтуде

19 Тамыз 2023, 09:05
531
Бөлісу:
Оңтүстік Кореяда қазақстандық театрдың гастрольдері өтуде
Фото: gov.kz

Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының бас концерт залында Оңтүстік Кореяда гастрольде жүрген Қазақстандағы республикалық мемлекеттік академиялық корей театрының «Ғажайып 40 күн» спектаклі көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға барлығы 500-ден астам көрермен қатысты, оның ішінде Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының «Корея – Қазақстан» парламентаралық достық тобының төрағасы У Вон Шик, депутаттар, саясаткерлер, мәдениет және өнер қайраткерлері, кәсіпкерлер, сондай-ақ Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрлігінің басшылығы және дипломатиялық корпус өкілдері болды.

Қазақстан Елшісі Нұрғали Арыстанов өзінің құттықтау сөзінде Мемлекеттік академиялық корей театры 90 жылдық тарихы бар Корей түбегінен тыс жерде орналасқан әлемдегі жалғыз театры екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол этникалық корейлер қазіргі қазақстандық қоғамның ажырамас бөлігі екенін және еліміздің дамуына өз сүбелі үлесін қосып отырғандығын жеткізді.

Іс-шараның салтанатты бөлігінен кейін театрдың шығармашылық ұжымы оңтүстік кореялық қоюшы-режиссер Кан Тэ Сикпен бірлесіп, көрермендерге корейлердің Қазақстанға жер аударылу тарихы, сондай-ақ жаңа қоныс аударушыларға мейірімділік пен қонақжайлылық танытқан қазақ халқының ізгі ниеті туралы баяндайтын «Ғажайып 40 күн» спектаклін тарту етті.

Өзгелердің жаңалығы