Оңтүстік Африкада коронавирустың жаңа штаммы тез тарап жатыр

19 Қаңтар 2021, 14:48
1914
Бөлісу:
Оңтүстік Африкада коронавирустың жаңа штаммы тез тарап жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Африка Республикасындағы эпидемиологиялық ахуал күн өткен сайын ушығып барады, деп жазды «Хабар 24». 

Елде таралған коронавирустың мутацияланған түрі 50%-ға тез таралуда. Бұл дәрігерлер мен медбикелердің жұмысын тіптен қиындата түсті. Ауруханалар науқастар нөпіріне төтеп бере алмай қалды. Сондай-ақ, ковид құрбандарының да саны күрт артып, мәйітханаларда орын болмай жатыр. 

Оңтүстік Африка Республикасында COVID-19-дың жаңа штаммы өткен жылдың аяғына қарай анықталған болатын. Содан кейін елде екінші толқын жарияланып, вирус жұқтырудың күнделікті өсімі 21 мыңнан асты. 

Жалпы осы індет басталғалы Оңтүстік Африка Республикасында 37 мыңнан астам адам көз жұмған. 

Қатты алаңдап отырмыз. Мұның себебі – жаңа штамм алдында пайда болған антиденелерді айналып өтетін әдіс тауып алған сияқты. Әлем вирустың бұл айласына дұрыс мән бермей отыр. Аталған мутация тез бейімделгіш, түрін өзгертіп алып, әрі қарай тарала береді, - деді медициналық зерттеу институтының вирусологы Алекс Сигал.

Өзгелердің жаңалығы