Өңірлерде ТКШ қызметінің тарифі неге әртүрлі болады?

18 Тамыз 2021, 13:03
10111
Бөлісу:
Өңірлерде ТКШ қызметінің тарифі неге әртүрлі болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының міндетін атқарушы Асхат Жапсарбай ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да коммуналдық саладағы табиғи монополия субъектілерін реттеу туралы өткен брифингте айтты.

Әрбір өңір ерекшеленеді. Бір өңірде тарифті бекіткен кезде табиғи монополиялар субъектілері көрсететін қызмет көлемін қараймыз. Мысалы, Түркістан мен Алматы облыстарында табиғи монополия субъектілерінің жұмыс көлемі көп. Ал солтүстікте төмен болады. Әрбір табиғи монополия субъектісінің көлемі көп болған сайын шығыны аз болады, - деді ол.

Асхат Жапсарбай айтқандай, сол үшін тарифтер де әртүрлі болады.

Егер өңірлер бойынша нақты айырмашылықтарды білгіңіз келсе, бізге өтінім жіберсеңіз болады. Барлығын түсіндіріп береміз, - деді Асхат Жапсарбай.

Осыған дейін Асхат Жапсарбай 1 қыркүйектен бастап электр энергиясына тариф қымбаттайтынын айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы