Өңірлерде 130 мыңнан астам жұмыс орнымен қамтитын 700-ден астам жоба жүзеге асырылады – министр

5 Сәуір 2022, 11:21
1390
Бөлісу:
Өңірлерде 130 мыңнан астам жұмыс орнымен қамтитын 700-ден астам жоба жүзеге асырылады – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Министрлік облыстар мен әкімдіктермен бірлесіп, өңдеу өнеркәсібі салаларында инвестициялық жобалар пулын қалыптастырды. 131,2 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы 20 трлн теңге болатын 700-ден астам жобаның тізбесі анықталды, - деді Өскенбаев. 

Жобалар 4 санатқа бөлінген:

- биыл іске қосылатын;

- іске асырылып жатқан (салынып жатқан);

- пысықталып жатқан (орны, қаржыландыру көздері анықталып, құжаттаманы дайындау рәсімдері басталған);

- перспективалық (пысықтау деңгейінде).

Жобалар өңірлер бойынша бөлініп, ерекше маңыздылығы бар бағыттар жеке тізбеге енгізілген. Мәселен, машина жасау жөніндегі жобалар. Әрбір өңірде жоба туралы хабардар және оның ілгерілеуіне көмектесетін жеке бір адам бекітілді. Бұл жұмысқа сондай-ақ әкімдіктер тартылған. Мысалы, егер жолдың болмауына байланысты мәселе туындаса, онда бекітілген адам бұл жағдайды хабарлап, құжаттарды дайындайды және одан әрі басшылықты хабардар етеді, - деді министр. 

Оның айтуынша, аталған арнайы топпен жаттығу жұмыстары жүргізілді. 

Қажет құрал ретінде ақпараттық жүйелерді қолданамыз. Бұл жүйенің барлығы жобаны дербес сүйемелдеуге және олардың проблемаларын жедел шешуге мүмкіндік береді. Тиісінше, олардың іске қосылуын тездетеді, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы