Өңірлерде заңсыз материалдық сыйақы бергендерге айыппұл салынды

21 Мамыр 2021, 17:51
4920
Бөлісу:
Өңірлерде заңсыз материалдық сыйақы бергендерге айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров Агенттіктің жедел-тергеу қызметінің нәтижелері туралы өткен брифингте айтты.

Павлодар облысында тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалтудың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының бас бухгалтері Абельдиновадан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жоғары тұрған басшысы Алтыбаеваға 10 мың теңге көлемінде заңсыз материалдық сыйақы және жалпы құны 3 600 теңге болатын кәмпит қорабы мен шарап бөтелкесі түріндегі сыйлық бергені үшін 100 АЕК мөлшерінде (291,7 мың теңге) айыппұл салынды, - деді ол.

Бекайдаров атағандай, Атырау облысында Атырау облыстық ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясының басшысы Бисенғалиевтан Комитет төрағасының міндетін атқарушы Нұртазинаға құны 10 мың теңге болатын балық өнімдері түріндегі заңсыз материалдық сыйақы бергені үшін 100 АЕК көлемінде айыппұлдар өндіріп алынды.

Осыған ұқсас фактілер Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында бар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік материалдары бойынша салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 159,2 млн теңгені құрады, 154,3 млн теңге өндірілді. Соттар 9 әкімшілік іс жүргізуді қарады. 28 – қысқартылған өндіріс тәртібімен қаралды (ӘҚБтК 810 – бабы), тағы 4-еуі – сотта қаралуда, 1-еуі ескіру мерзімінің өтуіне байланысты тоқтатылды, - деді Данияр Бекайдаров.

Бұған дейін СҚО-да патрульдік полиция инспекторлары сотталғаны анықталды.


Өзгелердің жаңалығы