Өңірлер бойынша Алматы 5-ші орында тұр – Табынбаев

7 Қаңтар 2021, 12:28
1905
Бөлісу:
Өңірлер бойынша Алматы 5-ші орында тұр – Табынбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев онлайн брифинг барысында айтты. 

Алматыда пандемия басталғалы бері КВИ-дің 19 138 жағдайы тіркелді. Соңғы тәулікте 105 жаңа жағдай анықталды. Қазіргі уақытта 17 638 адам сауығып шықты, бұл барлық жағдайлардың 90%-ын құрайды.Пандемия кезінде коронавирустан қайтыс болғандардың жалпы саны-389 адам, 1000 адамға шаққандағы өлім-жітім 0,2% құрады, - деді ол. 

Табынбаев атағандай, өңірлер бойынша Алматы 5-ші орында тұр. 

Өңірлер бөлінісінде Алматы Нұр-Сұлтан қаласынан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарынан кейін 5-ші орын алады. Қайтыс болғандардың орташа жасы — 65-80 жас. Жансақтау бөлімі бөлімі 50 пайызға толық. 80 орынды 110-ға арттырдық, - деді Табынбаев.
Өзгелердің жаңалығы