Өңірлер арасындағы экономикалық дамудағы айырмашылықты қалай азайту керек

22 Желтоқсан 2023, 15:30
618
Бөлісу:
Өңірлер арасындағы экономикалық дамудағы айырмашылықты қалай азайту керек
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Парламенті Сенатының депутаты Әлібек Нәутиев өңірлердің өндірістік әлеуеті туралы айтып өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі дүние жүзінде қалыптасқан геосаяси жағыдайда еліміздің бәсекеге төтеп беруі оның аумақтық деңгейде мемлекет тарапынан ықпал ету шараларының жүйелілігіне және нақты бір өңірлердің мүдделері мен өзіндік ерекшеліктерін экономикалық даму тұрғысынан қарастыру деңгейіне байланысты екені сөзсіз. Сондықтан біздің негізгі міндетіміз экономикалық заңдар талаптарына сәйкес, жекелеген өңірлердің даму деңгейін теңестіру принципіне бағындырып, осы айырмашылықтарды жүйелі түрде біртіндеп жою болып табылады. Аймақтарды мемлекеттік қолдау, олардың барлық мүмкіндіктерін ашу арқылы жүзеге асуы қажет. Бұл мәселелер көбіне аймақтардың өмір сүру деңгейі мен сапасына, экономикалық, табиғи – климаттық, ресурстық және инфрақұрлымдық ерекшеліктерге байланысты болары сөзсіз, - деді ол.

Осы бағытта мемлекет өңірлердің өндірістік әлеуеті мен әлеуметтік – экономикалық дамуын тұрақтандыру мақсатында тиімді шараларды қолға алуда.

Бұл жасалып жатқан жұмыстардың нәтежесін біз жыл қортындысында толық көретін боламыз. Қабылданған негізгі шаралардың бірі – бұл мемлекеттік басқару жүйесіндегі өкілеттіктерді ажырату, бюджет аралық қатынастарды реттеу мәселелері, өңірлердің экономикалық өсуіне мүмкіндік беретін негізгі фактор ретінде қарастырылуда. Оның ішінде ең маңызды аймақтық мақсат – бұл инвестициялық жобаларды толық көлемде жүзеге асыру арқылы өңірлер арасындағы әлеуметтік-экономикалық дамудағы айырмашылықты азайту. Қазіргі елдегі жүзеге асып жатқан өнеркәсіптік саясат өнімділігі жоғары, экспортқа бағытталған экономиканы қалыптастыруға және шикізатты толық деңгейде өңдеу өнеркәсібіне көшу болып танылуда. Мәселен биылғы жылы жоспарланған 170 жобаның осы кезеңге 53,5 пайызы іске қосылды. Осы жобаларды толық көлемде жүзеге асыру арқылы он бір мыңнан астам жұмыс орындары ашылатын болса, оның төрт мыңға жуығы ауылдық жерлерде болмақ, - деді Әлібек Нәутиев.

Елімізде қосылған құны жоғары өңделген өнімді өндіруге баса назар аударылып, экспортты қолдау, шетелдік инвесторларды тарту, босатылған жұмыс күші проблемаларын шешуге жұмыс жасалуда. Осы атқарылған жұмыс нәтижесінде өңделген өнім экспорты мен салықтар және түсімдер көлемін ұлғайтуға қол жеткізеді.

Мемлекеттік қолдаудың бір саласы өңдеу өнеркәсібі жобаларын қаржыландыру болып табылады. Осы мақсатта Қостанай облысындағы «KamLitzKZ» ЖШС-нің жетекші белдемнің басты берілісін өндіру және «KamaTyresKZ» ЖШС-нің мамандандырылған техника және шиналар өндіру зауыттары қаржыландырылды. ШОБ субьектілерінің өндірісін орналастыру үшін жаңа дайын өндірістік үй-жайларды салуды және істеп тұрғандарын қайта жаңғырту қолға алынуда. Өңдеу өнеркәсібін қолжетімді шикізатпен қамтамасыз ету бойынша шаралар жүзеге асуда. Бұл мақсатта заңнамалық құжаттарға өзгерістер енгізіліп отыр. Сонымен қатар, офтей және ұзақ мерзімді келісім-шарттар жасау арқылы өңдеу саласына қолдау көрсетілуде, - деді депутат.

Аймақтарда орналасқан арнаулы экономикалық аймақтарда 24 мың жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жыл ішінде үш жүзден астам жоба іске қосылды.

Бұл жасалып жатқан жұмыстар еліміздің өңірлерінде өңдеу саласын дамыту арқылы, бұрын өндірілмеген жаңа өнімдер шығаруға, қосылған құны жоғары өңделген өнімдер шығару арқылы экспорт көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретін болады. Осы мәселелердің толық жүзеге асуы мемлекеттік органдар, бизнес қауымдастығы мен жалпы жұртшылықтың біріккен іс қимылына байланысты болары сөзсіз. Сондықтан баршыңызда осы игілікті істің ұйытқысы болуға шақырамын, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы