Өңірге жіберілген мұғалімге қандай әлеуметтік жағдай жасалады?

20 Сәуір 2022, 11:26
2361
Бөлісу:
Өңірге жіберілген мұғалімге қандай әлеуметтік жағдай жасалады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Жәмилә Нұрманбетова өңірлерге тартылатын үздік мұғалімдерге қандай әлеуметтік жағдай жасалатынын және олар өңірлерге қалай іріктелетінін сұрап, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке сұрақ қойды.

Мемлекет басшысы сапалы білімге қолжетімділікті арттыру міндетін қойып отыр. Мұғалімдердің жетіспеушілігі мен білім беру сапасына үлкен алшақтық бар өңірлерді қолдау мақсатында үздік педагогтерді тартуға қатысты әлеуметтік қолдау шараларының арнайы бағдарламасы бар. Оны іске асыру үшін нақтыланған республикалық бюджет жобасында Алматы, Атырау, Маңғыстау және Түркістан облыстарына 2 мыңға жуық педагогті тарту үшін 3,9 млрд теңге көзделіп отыр, - деп айтты депутат.

Оның сөзінше, бұл қаражатты лауазымдық жалақыға 150% мөлшерінде жалақыға ынталандыру үстемақысын белгілеуге ғана арналған шығыстар жоспарланған.

Әлеуметтік қолдауға бағытталған басқа шығысты көрмей отырмыз. Осыған байланысты басқа елді мекендерден көшіп келген мұғалімдерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін қоса алғанда, әлеуметтік топтама қандай болады? Үздік мұғалімдер қандай өлшемшарттар негізінде іріктеледі? Оларға қандай талаптар қойылады? – деп сұрады депутат Жәмилә Нұрманбетова Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтен.

Өзгелердің жаңалығы