Өңірдегі денсаулық сақтау жүйесі жаңғыруда – Жеңіс Қасымбек

18 Қаңтар 2022, 20:47
1901
Бөлісу:
Өңірдегі денсаулық сақтау жүйесі жаңғыруда – Жеңіс Қасымбек
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда қаңтар айының соңына дейін Облыстық клиникалық аурухананың перзентханасын қайта құру аяқталады. Онда жедел гинекологияның амбулаториялық орталығы орналасады.

Бұл туралы облыс әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желіде жазды.

Жезқазғанда наурыз айының соңында көпбейінді аурухананың жанынан перзентхана бөлімшесі ашылады. Сондай-ақ қалада екі қабатты ғимаратты жөндеу жұмыстары жүргізілуде, онда Облыстық онкодиспансердің филиалы орналасады. МЖӘ бойынша қадамдық қолжетімділікте Қарағандыда ақпан айында Узенка кентінде, мамыр айында Құрылысшылар даңғылында, маусым айында Теміртаудағы Металлургтер даңғылында, наурыз айында Момышұлы даңғылында, желтоқсан айында Балқаш қаласында барлығы бес емхананы ашу жоспарлануда. Бұл жұмыстарға 2 млрд-тан астам жеке инвестиция тартылады, – деп дазды облыс әкімі.

Өңірдегі денсаулық сақтау жүйесі жаңғыруда – Жеңіс Қасымбек

Шілде айында Облыстық балалар ауруханасының құрылысы аяқталатынын айтты.

Шілде айында Облыстық балалар ауруханасының құрылысы аяқталады. Сонымен қатар Онкологиялық диспансерді жаңғыртуды жалғастырудамыз, оның аумағында қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылатын ауданы 4,5 мың м² операциялық-реанимациялық блок салынып жатыр. Сондай-ақ МЖӘ аясында онкодиспансерде позитрондық-эмиссиялық томография бөлімшесі ашылып, сәулелік терапия кезінде қолданылатын жаңа желілік үдеткіш орнатылады, – деді Жеңіс Қасымбек.

Өңірдегі денсаулық сақтау жүйесі жаңғыруда – Жеңіс Қасымбек

Ал № 1 қалалық ауруханада жаңа заманауи қабылдау бөлімі ашылады.

Өңірдегі денсаулық сақтау жүйесі жаңғыруда – Жеңіс Қасымбек

Ауылдарда да медицина саласына көңіл бөлінуде. 2022 жылдың қыркүйегінде Абай ауданының Юбилейное, Шет ауданының Төменгі Қайрақты, Бидайық ауылдарында және Жаңаарқа ауданының Жаңаарқа кентінде төрт фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) ашылады, – деді әкім.

Өңірдегі денсаулық сақтау жүйесі жаңғыруда – Жеңіс Қасымбек

МЖӘ аясында Қарағанды мен Жезқазғанда сәулелі диагностиканың екі орталығын, сондай-ақ Мақажанов клиникасында нефрологиялық орталықты ашу жоспарлануда.

Өңірдегі денсаулық сақтау жүйесі жаңғыруда – Жеңіс Қасымбек

Өткен жылы аймағымыздың жас дәрігерлеріне 199 пәтер берілді. Алдағы уақытта Жезқазған қаласында 28 пәтерлік үйді салу және облыстық балалар ауруханасының бұрынғы стационарының ғимаратын қайта жаңарту арқылы 100 пәтерді пайдалануға беру бойынша жобаларды іске асыру көзделуде. Жалпы, өткен жылы облысқа 400 дәрігер, оның ішінде резидентураны бітіргеннен кейін 189 маман келді. Алдымызға қойылған міндеттердің сапалы және белгіленген мерзімде орындалуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, – деді Жеңіс Қасымбек.

Өзгелердің жаңалығы