«Өңір» депутаттық тобының мүшелері еліміздегі инженерлік желілердің жай-күйін талқылады

30 Қараша 2022, 11:01
612
Бөлісу:
«Өңір» депутаттық тобының мүшелері еліміздегі инженерлік желілердің жай-күйін талқылады
PHOTO

Сенаторлар «Өңір» депутаттық тобының кезекті отырысы барысында еліміздегі инженерлік желілердің өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл мәселе соңғы бірнеше күнде аса маңызды болып отырғаны кездесу барысында атап өтілді. Мәселенің шешілуі Мемлекет басшысының ерекше бақылауында тұр.

Қазіргі уақытта инженерлік желілердің тозуы кейбір аймақтарда жоғары деңгейге жетіп отыр. Мамандар мен сарапшылар бұл мәселелерді бірнеше жылдан бері көтеріп келеді. Алайда оларды шешу жолдары нақты анықталған жоқ. Салалық министрліктердің айтуынша, инженерлік желілердің тозуы ең алдымен, олардың пайдалану мерзімінің аяқталуына байланысты. Одан басқа, желілердің тозу себептерінің бірі – мамандандырылған кәсіпорындардың болмауы және жұмыс істеп тұрған коммуналдық кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасының әлсіздігі болып табылады, - деп атап өтті Ерік Сұлтанов.

«Өңір» депутаттық тобының мүшелері еліміздегі инженерлік желілердің жай-күйін талқылады

Талқылау қорытындысы бойынша белгіленген проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі Үкіметке жіберілетін ұсынымдар нақтыланды. 

Кездесу барысында сондай-ақ VII шақырылымның II сессиясы кезінде «Өңір» депутаттық тобы өткізген отырыстардың қорытындысы бойынша қабылданған ұсынымдардың орындалуы туралы есеп тыңдалды. Сенатор Әлімжан Құртаев еліміздегі жұмыс күші мол өңірлердің азаматтарын еңбек тапшылығы бар өңірлерге көшіру жөніндегі бастамаларды жүзеге асыру барысы туралы айтып берді.

Өзгелердің жаңалығы