Өңір басшылығына жаңа адамдар келмей өзгеріс болмайды – Жаңбыршин

20 Қараша 2022, 12:41
3743
Бөлісу:
Өңір басшылығына жаңа адамдар келмей өзгеріс болмайды – Жаңбыршин

Ел өңірлерінің әлеуметтік жағдайын теңестіре аламыз ба? Бұл сұраққа Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин жауап берді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Депутаттың пікірінші, әр елді мекеннің драйвері – кәсіпкерлер.

Біріншіден, бізде бүкіл салада әділдік болуы керек. Онсыз ештеңеде болмайды. Екіншіден, сол өңірлерді басқаратын тұлғалар дұрыс болуы керек. Ниеті дұрыс  білікті менеджерлер келуі қажет деп ойлаймын. Сонымер бірге жаңа кадрлармен толыққан жөн. Үшіншіден, «қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына 7 трлн теңге ақша бөлінген. Ол қаржының бәрін 2025 жылға дейін игеруіміз керек. Жалпы, келген қаржыны тиімді жұмсау үшін, салалардағы жобаларды тиімді әрі уақытылы аяқтау үшін өңірлерге дұрыс басшылар керек, – деді Жаңбыршин.

Сондай-ақ Жаңбыршин қазіргі облыс, аудандардың халін айтты.

Қазір көріп отырғанымыздай, әркім өзінің кадрларын алып барады. Олардың ниеті қандай екенін жақсы білеміз. Сондықтан жаңа адамдар келмей, менеджерлер келмей әлеуметтік әділетсіздікті жоя алмаймыз, – деді Qazaqstan ұлттық арнасында өтіп жатқан онлайн марафонда.

Өзгелердің жаңалығы