Өнеркәсіп өндірісі 2023 жылдың 12 айында 4,3% өсті

18 Қаңтар 2024, 21:02
431
Бөлісу:
Өнеркәсіп өндірісі 2023 жылдың 12 айында 4,3% өсті
Фото: egemen.kz

2023 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында 46 401,7 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, салалар бойынша өндірістің өсуі төмендегідей:

- тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 4,6% - өңдеу өнеркәсібі – 4,1% - электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау – 1,8% - сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет – 1,9%

Тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді қазу саласындағы өсім шикі мұнай (6,8%), табиғи газ (10,8%), темір (1%) және басқа пайдалы қазбалардан өзге кен (12,7%) өндірісінің өсуіне байланысты.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім тамақ өнімдерін өндіруде 1,5% байқалды, темекі өнімдерінде – 3,7%, жеңіл өнеркәсіпте – 12,2%, резеңке және пластмасса бұйымдарында –5%, өзге де бейметалл минерал өнімдерінде-6,1%, машиналар мен жабдықтардан өзге дайын металл бұйымдарында – 3,3%, машина жасауда – 25,4%.

Өзгелердің жаңалығы