Ертіс өңірінде өндіріс, білім беру, көлік және қоймалау, білім беру, денсаулық сақтау, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларында маман тапшылығы өткір тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
Салалардың қажеттіліктерін қамту мақсатында республикалық тұжырымдама аясында бес жылдық жоспар бекітілген.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпованың айтуынша, өңір экономикасына орта кәсіби білімі бар мамандар қажет.
Алдағы бес жылда аймақтың еңбек нарығына 56 мыңнан астам кәсіби-техникалық жұмысшы қажет болады. Сұраныс деңгейі жыл сайын артып отыр. Бүгінгі таңда Әлеуметтік кодексі аясында сәйкес «Мансап» орталықтары жұмыс іздеп жүрген адамдарға «Электрондық еңбек биржасы» арқылы жарияланған жұмыс орындарын ұсынады. Сондай-ақ, мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіреді. Жұмыспен қамту жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде іске асырылуда. Жұмыс орындарын субсидиялау және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту шаралары да бар. Ал оқу орнын тәмамдаған түлектердің еңбек тәжірибесінің жоқтығы мәселесін шешу үшін «Жастар тәжірибесі» ұйымдастырылады. Жыл басынан бері 1346 адам тәжірибесін молайтуға бағытталған, - дейді Альмира Дисюпова.
Айта кетейік, облыста «Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамыту жөніндегі 2024-2029 жылдарға арналған тұэырымдама» аясында облыс бойынша 140 жаңа жұмыс орны құрылуы тиіс. Олардың 70%-ы тұрақты сипатқа ие болуы керек.
Жыл басынан бері 23 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылса, басым бөлігі - тұрақты. Олардың басым бөлігі білім беру, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларына қатысты болып шықты.