Оңдасын Оразалин әскерилер мен полицейлерге алғыс айтты

16 Қаңтар 2022, 12:00
1629
Бөлісу:
Оңдасын Оразалин әскерилер мен полицейлерге алғыс айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин ішкі істер органдарының қызметкерлерімен және әскерилермен кездесіп, бүкіл ел үшін қиын-қыстау кезеңде жұмыла жұмыс істегендері үшін алғысын білдірді.

Жаңа жылда  жаңа өмір бастаймыз деп үміттеніп отырғанда жаппай тәртіпсіздік басталып,  елдің үрейін ұшырды. Соңы  күтпеген жерден лаңкестік әрекеттерге ұласты. Осындай сын сағатта елдің тыныштығы мен мемлекеттік құрылымның тұтастығын сақтап қалу үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев шұғыл шешім қабылдап, ел аумағында төтенше жағдай жариялады. Сол сәттен бастап сіздер Отан алдындағы анттарыңызға берік, шынайы патриот ретінде танылдыңыздар. Қандай күрделі мезетте де селт етіп сыр бермедіңіздер. Елдің тұрақтылығына, бейбіт халықтың тыныштығына сіңірген ерліктеріңіз бен еңбектеріңіз өлшеусіз. Тарих бұл оқиғаның тиісті бағасын берер. Сол парақтарда сіздердің есімдеріңіз келер ұрпақ үшін алтын әріппен жазылып қаларына еш күмән жоқ, - деді Оңдасын Оразалин. 

Ол еліміздің саяси жағдайы тұрақтанып, тыныш, бейбіт өмірге оралғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ақтөбе облысы аумағында төтенше жағдайдың күшін жою туралы қаулысына сәйкес, 2022 жылдың 16 қаңтар күні 07. Сағат 00 минуттан бастап біз күнделікті қалыпты жағдайға көшеміз. Мен сіздерге өңір тұрғындарының және жеке өз атымнан зор ризашылығымды білдіріп, алғыс айтамын. Тыныштық пен тұрақтылық кепілі болып жүре беріңіздер - деді облыс әкімі.

Өзгелердің жаңалығы