"Оңай шаруа емес". Смайылов алға қойған міндетті айтты

16 Мамыр 2023, 10:46
826
Бөлісу:
"Оңай шаруа емес". Смайылов алға қойған міндетті айтты
Фото: ҚР Үкіметі

Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Смайылов қазіргі жағдайда экономикалық өсімнің жоғары қарқынын қамтамасыз етуіміз керегін айтты.

Бұл – оңай шаруа емес. Оған экономиканың салаларында үйлесімді жұмысты қамтамасыз ете отырып, қол жеткізуге болады. Алдымызда тұрған міндеттерді орындау үшін әрбір министрлік пен өңірдің қосатын үлесі аса маңызды, – деді Үкімет басшысы.

Ол министрліктер мен өңір басшылары экономиканы одан әрі әртараптандыру және тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша жұмысты жалғастыруы қажет екенін айтты.

Бұл орайда, ішкі нарықты отандық тауарлармен толықтыруға және шикізаттық емес өнім шығаруға басымдық берілуі тиіс. Іскерлік белсенділікті арттырып, экономиканы сапалы дамыту үшін ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту жұмысын жандандыру қажет,- деді ол.

Өзгелердің жаңалығы