Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қонаев көшесі 13-15 маусым аралығына жартылай жабылды. Жүргізушілерге кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын ала жоспарлау ұсынылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жол желісін орташа жөндеу аясында Қонаев көшесінде Қабанбай батыр даңғылынан Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі учаскеде жол құрылысы жүргізілуде, – деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.Осыған байланысты 13-15 маусым аралығында аталған учаскедегі көлік қозғалысын толығымен жабу жоспарланған.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын ала жоспарлауы керек. Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз, – деді басқармада.