Он шақты адам мінген ұшақ Тынық мұхитына құлап кетті

5 Қыркүйек 2022, 20:33
6451
Бөлісу:
Он шақты адам мінген ұшақ Тынық мұхитына құлап кетті

Вашингтон штатындағы Уидбе аралының батысында гидроұшақ мұхитқа құлап кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

РБК-ның мәлімдеуінше, Мутини шығанағында сегізден астам кеме іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Ұшақ Фрайдей-Харбор қаласынан Сиэтл халықаралық әуежайына бағыт алған. Бортта сегіз ересек адам мен бір бала болған. Құтқарушылар қаза тапқан бір адамның денесін тапты. Қалған жолаушылар хабарсыз кеткендер қатарында. 

Ұшақтардың қозғалысын бақылайтын Flightradar сервисі апатқа ұшыраған Havilland Canada DHC-3 ұшағының қолданысқа берілгеніне 55 жыл болғанын нақтылады.  

Өзгелердің жаңалығы