Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Өмірге үміт: шала туған нәрестелерге көмек көрсетудегі маңызды әдістер

14 Мамыр 2025, 13:02
337
Бөлісу:
 автордан
PHOTO
Фото: автордан

Жыл сайын әлемде шамамен 15 миллион шала туған нәресте дүниеге келеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Мерзімінен бұрын туылғандардың бір миллионы физиологиялық және неврологиялық ерекшеліктерге байланысты өмірден ерте кетеді. Шала туған нәрестелер ерекше күтімді қажет етеді. Осыған байланысты Нәрестелерді қарқынды емдеу бөлімшесінің меңгерушісі Мақсат Тастеміров шала туудың 4 дәрежесіне тоқталды.

Өмірге үміт: шала туған нәрестелерге көмек көрсетудегі маңызды әдістер

Нәрестелерді қарқынды емдеу саласында 15 жыл жұмыс істеп келемін. Жақында бөлімімізге салмақтары 800-900 грамм болатын үшем келіп түсті. Екі нәрестені педиатрия бөліміне ауыстырдық, қазір олардың салмағы 1925 граммға жетіп, өз бетімен дем алуда. Ал үшіншісі 63 күн бойы біздің бақылауымызда болды. 

Жалпы, ерте дүниеге келген нәрестелер біздің бөлімде 1 аптадан 2 айға дейін ем алады. Заманауи әдістерге келсек, біз өкпеге арнайы линза әдісімен сурфактант дәрісін енгіземіз. Бұл балаға аппаратурасыз өз бетімен дем алуға мүмкіндік береді. 

Шала туудың 4 дәрежесі бар:

І дәреже – 2500-2001 грамм;
ІІ дәреже – 2000-1501 грамм;
ІІІ дәреже – 1500-1001 грамм;
IV дәреже – 1000-500 грамм.

Өмірге үміт: шала туған нәрестелерге көмек көрсетудегі маңызды әдістер

Дұрыс ұйымдастырылған көмек арқылы салмағы 500 грамнан асатын нәрестелерді аман алып қалуға болады, – деді Акушерлік, гинекология және перинатология бойынша ұлттық ғылыми орталықтың Нәрестелерді қарқынды емдеу бөлімшесінің меңгерушісі Мақсат Тастеміров.

Орталықтың жатырдан тыс ұрықтандыру бөлімінің меңгерушісі Эльвира Сарманова мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылған “Аңсаған сәби” бағдарламасының оң нәтижелерін атап өтті.

Өмірге үміт: шала туған нәрестелерге көмек көрсетудегі маңызды әдістер

Ғылыми орталықта “Аңсаған сәби” бағдарламасы бойынша квота беріледі. Бағдарлама іске асқалы бері бедеулік мәселесімен келген отбасылардың саны айтарлықтай азайды. Бір жылда біздің орталық 7 мың квота бөледі. Осы квоталар арқылы көптеген отбасы сәби сүю бақытына ие болды. Бұл жоба әр өңірде жүзеге асырылып жатыр, – деді ол.

Өмірге үміт: шала туған нәрестелерге көмек көрсетудегі маңызды әдістер

Сараптамалық талқылау бағдарламасында жүкті әйелдердегі веноздық тромбоэмболияны диагностикалау мен емдеуге, акушерлік-гинекологиялық практикадағы веноздық тромбоэмболиялық асқынулардың профилактикасына, перинаталдық асқынулар қаупін төмендетудің заманауи технологияларына және акушерліктің басқа да өзекті мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Өзгелердің жаңалығы