Омикронды емдеуде хаттамаға өзгеріс енгізіле ме?

18 Қаңтар 2022, 13:38
1431
Бөлісу:
Омикронды емдеуде хаттамаға өзгеріс енгізіле ме?

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысы Қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Арман Жансенгіров коронавирустың «омикрон» шатмын емдеу тәсілдері туралы айтып берді.

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында анықталған «омикрон» штамы ендігі Алматы облысы аумағында айналымда жүрген болуы мүмкін. Оның белгілер ренит, форингит, форингил. Омикрон өзге штамдарға қарағанда жеңіл түрінде басталады. Оны емдеу хаттамасы мен диагностикалауда ештеңе өзгермеді, - деді Жансенгіров.

Сонымен қатар ол соңғы аптада коронавиурстың таралуы үш есеге өскенін атап өтті. Коронавиурстың таралуы еліміз бойынша күрт өскен, тек Түркістан облысы ғана «сары», қалғандары «қызыл» аймаққа өтті. ПТР сынамасын тапсырғандардың басым көпшілігінде оң нәтиже көрсетуде және ауруханаға түскендер саны өскен. Бұған дейін өңірде ауруханаға күніне 20-30 адам түссе, қазір олардың саны 90-100 науқасқа жеткен.

Өзгелердің жаңалығы