Омикрон. Жаңа штамм қай кезде шарықтау шегіне жететіні белгілі болды

25 Қаңтар 2022, 16:59
1420
Бөлісу:
Омикрон. Жаңа штамм қай кезде шарықтау шегіне жететіні белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағайымы Айжан Есмағамбетова хабарлады. 

Оның айтуынша, коронавирус инфекциясының шарықтау шегіне жететін кезеңі әлі алда.

Біз үнемі эпидемиологиялық жағдайды үнемі бақылауда ұстап, зерттеулер жүргізіп отырамыз. Соңғы болжам бойынша індет ақпан айының ортасында шарықтау шегіне жетеді, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол коронавирус инфекциясының Омикрон нұсқасының айналымы мен таралуынан туындаған ауру өсуі әлемнің барлық елінде байқалып отырғанын алға тартты.

Жыл басынан бері республикада 178 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясымен ауырды. Пандемияның бүкіл кезеңімен салыстырғанда алғаш рет жағдайдың тәуліктік тірекелуі 16 мыңнан асты. Бұл Омикронның өте жоғары жұқпалығына және таралу жылдамдығына байланысты. Бүгінгі таңда Түркістан облысынан басқа бүкіл ел «қызыл» аймақта  орналасқан. Республика бойынша соңғы аптада КВИ сырқаттану деңгейі 1,5 есе өсті. Қаңтар айында желтоқсанмен салыстырғанда сырқаттанушылық 11 есеге өсті, - деді комитет төрайымы.

Өзгелердің жаңалығы