«Омикрон». Үкімет басшысы тапсырма берді

22 Желтоқсан 2021, 10:31
1350
Бөлісу:
«Омикрон». Үкімет басшысы тапсырма берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин айтты. Сондай-ақ ол қазіргі таңда коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша 15 өңір және жалпы республикамыз «жасыл аймақта» екендігін алға тартты.

Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары «сары аймақта» тұр.

Әлемде коронавирустың жаңа штамының таралуына байланысты  санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, мемлекеттік шекарадағы бақылауды күшейту, үй-жайлар мен қоғамдық көліктерде маска тағу режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтау, сондай-ақ халықты ревакцинациялау қарқынын арттыру қажет, - деді Үкімет басшысы.

Айта кетерлігі, бүгінде 9 млн-нан астам адам вакцинаның бірінші компонентін алған. Бұл ересек тұрғындардың шамамен 80%-ын құрайды.  Сондай-ақ 8,4 млн-нан астам адам немесе ересек адамдардың 75%-ға жуығы екпенің екінші компонентімен қамтылды.

Өзгелердің жаңалығы