«Омикрон» штамының жаңа белгілері қандай?

19 Желтоқсан 2021, 14:56
2801
Бөлісу:
«Омикрон» штамының жаңа белгілері қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус инфекциясының «омикрон» штамының тек түнде ғана байқалатын жаңа белгілері анықталды. 

Аталған штамды жұқтырған пациенттер түнде қатты терлейтіндеріне шағымданған деп жазады Daily Star. 

COVID-19-дың жаңа штамы әлемде алғаш таралған Оңтүстік Африка дәрігерлері «омикрон»-ды зерттеп жатқандарын  алға тартты. Бастапқыда бұл штамға шалдыққан науқастар үздіксіз жөтел, дене қызуының көтерілуі, иіс пен дәм сезудің жоғалғанын айтса, қазір мұрынның бітелуі, бастың ауруы, шаршағыштық, дененің қақсауы, сонымен қатар түнгі уақыттағы қатты тершеңдіктің орын алғанын айтуда. Сондай-ақ тамаққа тәбеттің жоғалуы да бұл штамның жаңа симптомдарының біріне айналды. 

Ғалымдар коронавирустың бұл симптомдарын Англияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің (NHS) тізіміне енгізу қажет деп отыр. Осылайша, «омикронды» жұқтырған жағдайды зерттеп, вирусты анықтау оңайға түседі дейді.

Өзгелердің жаңалығы