«Омикрон» штамын кімдер жиі жұқтыратыны белгілі болды

13 Желтоқсан 2021, 20:03
1178
Бөлісу:
«Омикрон» штамын кімдер жиі жұқтыратыны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова «20:21» жобасына берген сұхбаты барысында хабарлады. 

Оның айтуынша, әлемде «Омикрон» штамын жұқтыру 0,1%-ды құрайды.

Штамды зерттеу үшін оның жаппай таралуы қажет екені белгілі. «Омикрон» бойынша қолда бар деректер өте аз. Алайда бұл штамның жеңілдеу өтетіні айтылып жатыр. Негізінен  18-39 жас аралығындағы адамдарға жұғады, - деді Айжан Есмағамбетова.

Сонымен қатар ведомство басшысы аталған штамның жеңіл өтетіндігіне қатысты ауруды көбінесе жастардың жұқтыруымен байланыстырды.

Осы 18-39 жас аралығындағы адамдарда  жанама аурулары аз болғандықтан дерт асқынбауы мүмкін. Себебі коронавирус инфекциясымен қосымша диагноздары бар тұрғындар қатты ауыратыны белгілі, - деп түсіндірді Айжан Есмағамбетова.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлемде әлі де коронавирус инфекциясының  «дельта» штамы көп таралып жатқаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы