Әлемде әлі де «дельта» штамы басым – Айжан Есмағамбетова

13 Желтоқсан 2021, 19:44
1271
Бөлісу:
Әлемде әлі де «дельта» штамы басым – Айжан Есмағамбетова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова «20:21» жобасына берген сұхбаты барысында хабарлады.

 Оның айтуынша, жаңа қауіпті штамм әлем елдерін алаңдатып отыр.

Бүгінде «омикрон» әлемнің 60 елінде таралды. Штамның анықталғанына 1 ай уақыт өтпесе де, оның өте жұқпалы екендігін көріп отырмыз. Мемлекеттердің қабылдап жатқан алдын алу шараларына қарамастан, қауіпті штамм тез таралып жатыр. Коронавирус инфекциясының басқа штамдарымен салыстырсақ, «омикронды» зерттеу үшін де уақыт қажет, - деп атап өтті комитет төрағасы.

Сондай-ақ ведомство басшысы індеттің қауіпті штамын жұқтырмаудың алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатқанын алға тартты.  

Дәл қазір бізге штамды ешкім жұқтырмау үшін уақытты соза тұрған тиімді. Себебі «омикрон» штамы туралы ғылыми дәлелденген нақты деректер, клиникалық, эпидемиологиялық дәйектер, алдын алу шараларының тиімділігіне қатысты ақпараттар жоқ. Сол үшін штамды кімдер жұқтырады, ауру ағымы қалай өтеді, қауіптілігі қандай, қай жастағылар жиі шалдығады деген сынды мәселелерді пысықтап аламыз. Штамм туралы көп дерекке қол жеткізу үшін әрекет етіп жатырмыз, - деді Айжан Есмағамбетова.

Өзгелердің жаңалығы