«Омикрон» штамы пайда болған соң астанада вакцинация қарқыны күрт өсті

10 Ақпан 2022, 17:24
1504
Бөлісу:
«Омикрон» штамы пайда болған соң астанада вакцинация қарқыны күрт өсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов хабарлады. Оның айтуынша, ауру деңгейінің, ауруханаға түсу дәрежесінің төмендеуіне вакцинация мен ревакцинация деңгейі әсер етті деп айтуға болады. 

Елордада жыл басында «омикрон» штамы пайда болғаннан кейін вакцинация қарқыны біршама өсті. Азаматтар қазіргі жағдайға бейжай қарамай, вирустық инфекцияның ауыр формада өтетінін түсінгені қуантады. Бүгінгі таңда қаламызда 504 мыңға жуық азамат вакцинаның бірінші компонентін алды. 471 мыңнан астам адам иммундаудың толық курсынан өтті. Қайталама вакцинаны 73 мыңнан астам тұрғын қабылдады. Осылайша, қалада вирустың тез таралуына жол бермейтін белгілі бір иммундық қабат пайда болды десек те болады, - деп атап өтті басқарма басшысы. 

Сонымен қатар ол Pfizer вакцинасы салынатын топтың арасында жасөспірімдердің көш бастап тұрғанын айтты. 

Pfizer екпесінің екі компонентін 19 мыңнан астам бала салдырған. Сондай-ақ 11300 бала емізетін аналар мен 700-ден астам жүкті әйел екпе алды. 60 жастан асқан адамдар, медицина қызметкерлері қазір америкалық препаратпен қайта вакцинацияланып жатыр. Қала бойынша 5 600-ден астам қария осы екпені таңдады.  Медицина қызметкерлері арасынан 11 800 адам алды, - деді Тимур Мұратов.

Өзгелердің жаңалығы