«Омикрон» штамы еліміздің эпидемиологиялық жағдайын ушықтырды – министр 

18 Қаңтар 2022, 09:17
1310
Бөлісу:
«Омикрон» штамы еліміздің  эпидемиологиялық жағдайын ушықтырды – министр 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында айтты.

Дүниежүзін дүрбелеңге салған «омикрон» штамы еліміздің эпидемиологиялық жағдайын ушықтырды. Қазақстанда «омикрон» түрі тез таралып, Түркістан облысын қоспағанда барлық өңір қызыл аймаққа ауысты. Елдегі көрсеткіштер коронавирустың «омикрон» түрінің таралуын растап отыр. Мәселен,  соңғы айда індетпен ауыру 19,6 есе, репродуктивтілік сан 2 есе, індетті тексеру бойынша сынама 3,5 есеге ұлғайып, тәулігіне 50 мыңнан астам сынама жасалып жатыр, - деді ол. 

Министр айтқандай, ауру көбейсе де, өлім-жітім аз, ол  2,5 есеге төмендеді.  

Ковидтік стационарларда демалатын науқастар саны екі есеге, амбулаториялық науқастар саны 5 есеге асты. Елімізде індетпен тәуліктік сырқаттанудың 60 пайызы 3 аймақта тіркеліп отыр. Елордада науқастар саны 32 есеге өсті. Бұл ретте сынама деңгейі ел бойынша ең жоғары, тәулігіне 10 мыңды құрап отыр. Алайда халықты вакцинациялау мен ревакциянациялау деңгейі төмен, - деді Ғиният.

Өзгелердің жаңалығы